Президент Қырғызстанға ресми сапармен барады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді. 

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.