Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиенбай 9 жылға сотталды

Оның қамауда отырған әр күні бір жарым күн ретінде есептеледі.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына оқ атқан Ернар Жиенбай жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жәбірленушіге ол 30 АЕК, яғни 118 890 теңге төлеуге міндеттелді.

Кеше күдікті «Мен себепсіз оқ атқан жоқпын» деп соттағы соңғы сөзін айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.