Қазақстан спортшысы әйелдер күресінен әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды. 

ҚР ҰОК мәліметінше, шешуші белдесуде Стратан Швеция спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM    арнасынан табасыз.