Этноэкспедиция жолға шықты

Ұлытауда этнотуризмді насихаттайтын халықаралық экспедиция жолға шықты. Жол талғамайтын көлік мінген саяхатшылар өңірдегі тарихи орындарды аралайды.

Экспедиция құрамында еліміздің журналистері, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Әзербайжаннан келген сая­хатшы-блогерлер бар. Бір аптаға жоспар­ларған сапарда олар Жезді, Қарсақбай, Шеңбер елдімекендерінде және Бұланты, Білеуті өзендерінің жағасында аялдайды. Бұл жерлерде кезінде жоңғарлармен ше­шуші шай­қастар болған. Торғаймен шек­арадағы Ақжар тауына шығып, тур­ис­тер үшін ақпараттық контент әзірлейді. 

«Қазір саяхатшылар бес жұлдызды қонақүйі бар, жайлы жағдай жасалған сапарлардан жалықты десем қател­еспеймін. Оларға осындай экстремалды туризм ұнайды. Біздің сапардың мақсаты Ұлытау даласындағы көрікті орындарды насихаттау. Ол жерлерге далалық жолмен қалай жетуге болатынын көрсету. Мен үшін өте қызықты сапар болғалы тұр», – экспедиция мүшесі Махмудбек Касимов.

 Асыл ТҰМАР