"Қазгидромет": бүгін қауіпті ауа райы құбылыстары күтіледі

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ауа райы құбылмалы болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 21 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде келесі қауіпті ауа райы құбылыстары  күтіледі:

солтүстік, орталық және шығыс облыстардың басым бөлігінде – найзағай, жаңбыр, бұршақ, тұман және екпіні 15–25 м/с дейінгі  жел;

Алматы және Маңғыстау облыстарында – 35–38°C дейінгі қатты ыстық;

елдің оңтүстігі мен батысында – жоғары өрт қаупі сақталады.

ТЖМ ашық оттан аулақ болуды, найзағай мен қатты жел кезінде жабық жерлерді паналауды, жолдарда мұқият болуды және ТЖ кезінде 112 қоңырау шалуды ұсынады, – делінген министрліктің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.