Түркияның Трабзон қаласында ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті халықаралық ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері орынбасарларының кездесуі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жиынға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, сонымен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының өкілдері де қатысты.
Сондай-ақ сапар барысында түрік тарапының шақыруымен вице-министр Сыдықов Трабзон провинциясының губернаторымен және жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен кездесулер өткізді.
Кездесуде вице-министр ТҮРКСОЙ ұйымының түркітілдес елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Ол өз сөзінде 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталып, «Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды жария етті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.