Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Сайыс 6-11 қыркүйек аралығында болады. Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысады.
Астанада өтетін бұл біріншілікте Милан – 2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне берілетін екі жолдама сарапқа салынады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.