Қазақстандағы бір перзентханада күтпеген әрі ақылға қонымсыз жағдай орын алды. Әйелі қыз бала дүниеге әкелгенін естіген ер адам ашуға мініп, дәрігерді соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, ол «ұл болады» деп үміттенген. Жары қыз босанғанын білген сәтте ашуға беріліп, дәрігерге қол көтерген. Оқиға орнында болғандар мұны барып тұрған надандық деп бағалады.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба қоғамды дүр сілкіндірді. Желі қолданушылары: «қыз болса адам емес пе», «дәрігердің кінәсі жоқ», «бұл жабайылықты тоқтату керек» деген ашулы пікірлерін қалдырып жатыр.
Мамандардың айтуынша, мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары істі тексеріп жатыр.
Бұл оқиға қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – қыз балаға деген көзқарас пен тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын қайта көтерді.