Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, екпінді жел болады, солтүстік және шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауады.

24-25 тамызда солтүстік-батыста аптап ыстық ( 35 градус) болады.

Республика аумағына батыс антициклон ығысып, соған байланысты жауын-шашын уақытша тоқтауы мүмкін. Республика бойынша желдің күшейеді, солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады.

Көптеген облыста ауа температурасының жоғарылайды. Солтүстік өңірлерде 25-30 градусқа дейін, Қазақстанның орталығында 22-32 градусқа дейін, кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Оңтүстікте 30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-35 градусқа дейін, таулы аймақтарда 20-27 градусқа дейін көтеріледі. Тек шығыс Қазақстанда температуралық жағдайда айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.