Сапа мен қауіпсіздік – басты мақсат

Үкіметте Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың қазіргі жағдайы мен даму жоспары қаралды.

Жиын барысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ пре­зиденті Арман Әлібаева баяндама жа­са­ды. Көлік министрлігінің мәліметінше, елі­­­­міздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзын­дығы 185 мың шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жол­дар 25 мың шақырым, жергілікті дең­гей­де 70 мың шақырым жол және елді ме­кен­дердің 90 мың шақырым көшелері бар.

Мақсат Қалиақпаров автожолдардың са­пасын арттыру бойынша қабылданып жат­қан шаралар туралы баяндады. 2025 жы­лы 13 мың шақырым жол қамтылмақ. Оның ішінде республикалық 2 мың ша­қырымнан астам жол реконструкцияланып, облыс орталықтары арасындағы 6,6 мың шақырым жол жөнделмек, ал жергілікті жер­лерде 4,1 мың шақырым жол жаңартуға жа­тады. 2025 жылдың қорытындысы бойын­ша республикалық маңызы бар жол­дардың нормативтік жай-күйін 94%-ға, жер­гілікті жолдардың нормативтік жай-күйін 91%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Заңнамалық деңгейде бірқатар түзету қа­былданды. Соның негізінде сапа орта­лы­ғы­ның ескертулерін жоймай нысандарды пай­далануға қабылдауға тыйым салынды, ал 2023 жылдан бастап барлық орташа жөн­деу жобалары жобалық шешімдердің және олардың құнының дұрыс қолданылуына қа­тыс­ты ведомстволық сараптамадан өтуге міндетті.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберін­де 2025 жылдың 7 айындағы қорытынды бойын­ша сапасыз жол-құрылыс мате­риал­дары мен ақаулар санының 2%-ға төмен­де­гені, жергілікті жолдарды қиыршық тастан асфальтбетон төсеміне ауыстыру 14%-ға өс­кені байқалды. Сонымен қатар жобалық ше­шімдерді оңтайландыру 1 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді, ал жергілікті жолдарды диагностикамен қамту 50%-ға жетті.

«ҚазЖолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлі­баева жол саласына цифрлық техноло­гия­ларды енгізу туралы хабардар етті. Соң­ғы 5 жылда институт автожолдарды салу жә­не жөндеу технологияларын жетілдіруге ба­ғытталған 20-дан астам ғылыми-зерттеу жұ­мыстарын жүргізген. Бүгінде елімізде бір­неше цифрлық жоба жүзеге асырылуда. Жобалау сапасын арттыру мақсатында жол-құрылыс материалдарының бірыңғай база­сы мен нақты климаттық жағдайларға және қозғалыс қарқындылығына материалдарды дәл таңдау есебінен берік және сенімді жол төсемдерін пайдалануға бағытталған Superpave технологиясы енгізілді. 

Жалпы саны 2 мыңнан астам пайда­лану­шысы бар Jolshy жол саласы маман­дарының базасы талдамалық ақпарат алуға, кадрлық өзгерістерді бақылауға және жол-құ­рылыс жұмыстарын орындаудың сапа­сын қамтамасыз ету үшін мамандардың бі­лік­тілік деңгейін қадағалауға мүмкіндік бе­реді. Қазір «ҚазЖолҒЗИ» апаттардың се­бептерін жүйелі бағалауға және жол қоз­ға­лысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ЖКО талдау порталын әзірлеуде.

Премьер-Министр Олжас Бектенов елі­міздегі жолдар желісін одан әрі дамыту қа­жеттігін атап өтті. 2030 жылға дейін 4 мың шақырымға жуық автожол қайта жаң­ғыртылады. Биыл бірқатар негізгі жобаны аяқ­тау жоспарлануда, бұл ретте жобалық құ­жаттаманың дайындығы жоғары жаңа жо­баларды: Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, Атырау – Доссор жолдары мен Сарыағаш, Петропавл, Рудный және Қы­зылорда қалаларын айналып өту жол­дарын, сондай-ақ 2,5 мың шақырым авто­жолды орташа жөндеу маңызды.