Өнерлі жастар – Бішкек төрінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкек қаласында ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы ұйымдастырылды. Биыл форум шығармашыл жастар арасындағы цифрлық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға арналды.

Жиын қос халықтың тари­хы мен мәдениетін зерттеудегі Шо­қан Уәлихановтың еңбегі ту­ралы «Чокан Валиханов: та­рых­­­тын жарык жылдызы» атты де­ректі фильмінің тұсау­кесе­рі­нен басталды.

Іс-шараға Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мәдениет жә­не ақпарат министрі Аида Ба­лаева, Қырғыз Рес­пуб­ликасының Мем­лекеттік хатшысы Марат Иман­құлов, сондай-ақ екі ел­дің мәдениет, ғылым және шы­ғармашылық саласының өкіл­дері мен зиялы қауым қа­тысты.

Аида Балаева Шоқан Уәли­­ханов еңбектерінің қазақ-қыр­ғыз тарихындағы орнын ерек­ше атап өтті.

«Әлемге әйгілі «Манас» дас­­таны қырғыз ұлтының бой­тұмары болса, оны алғаш рет қа­­ғазға түсіріп, көпке наси­хат­тауда Шоқан Уәлихановтың ең­бегі зор. Сондай-ақ оның «Ыс­тықкөл күнделігі» – қазақ-қыр­ғыз бірлігінің ғылым мен ру­ханияттағы жарқын көрінісі. Қыр­ғыз бауырларымыз түсір­ген бүгінгі «Чокан Валиханов: та­рых­тын жарык жылдызы» де­ректі фильмі тарихи әрі мә­де­ни құн­дылығы зор, мағыналы туын­ды болады деп сенемін», – деді министр.

Қырғыз Республикасының Мем­лекеттік хатшысы Марат Иман­құлов екі елге ортақ тари­хи тұлғалардың маңызына тоқ­талды.

«Қырғызстан мен Қазақ­стан тарихында Абай Құнан­баев, Шоқан Уәлиханов, Жам­был Жабаев, Мұхтар Әуезов, Шың­ғыс Айтматов сынды ұлы тұл­ға­лар бар. Олар мәдени жә­не ру­хани дәстүрлер арқылы қос ха­лықтың бірлігі мен ба­уыр­­лас­тығына зор үлес қосты. Дәл осы қайраткерлер бүгінгі жастарға шабыт беріп, оларды жасам­паз­дық жолын жалғастыруға жете­леп келеді», – деді ол.

Форум аясында Қазақстан Рес­публикасының Мәдениет жә­не ақпарат министрі Аида Ба­лаева Қырғыз Республика­сы­ның мәдениет, ақпарат және жас­тар саясаты министрі Мир­бек Мамбеталиевпен кездесіп, мәдени-гуманитарлық әріптес­тікті дамыту мәселелерін тал­қы­лады.

Бұдан бөлек, форум креа­тив­­ті индустрия мен цифрлан­дыру мәселелеріне назар аудар­ды. «Жаңа буын AI-стартаптары: жер­гілікті идеядан жаһандық на­рыққа» және «Ed-tech жоба­лары: жаңа сын-қатерлер» та­қырыптарында панельдік сес­сиялар өткізілді. Оған 300-ден ас­там жас IT-кәсіпкерлер, стар­­тапшылар, бағдарламашы­лар, блогерлер мен медиа ма­ман­­дар қатысты.

Мемлекет басшысының Қыр­ғыз Республикасына ресми са­пары аясында Бішкекте Қа­за­қстанның мәдениет күндері өткізілуде. Оның аясында «Қа­зақ­стан киносы күндері» ұйым­дастырылып, Нұрғиса Тілен­диев­тің 100 жылдығына ар­­­нал­ған мерекелік концерт ұсынылды.

Б.ИКРАМОВА