Агроөнеркәсіп кешеніне қолдау зор

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласында­ғы нақты деректерді анықтау мақсатында өтіп жат­­қан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына орай «Бола­ш­ағы зор» шаруа қожалығында арнайы іс-ша­ра ұйым­дастырылды.

Бұл түсірілім жұмыстары қожа­лықтың қазіргі жағдайымен танысуға, оның даму ба­ғы­тын ба­­ғам­­дауға және агросаланы қолдау шараларын ақ­параттандыруға бағытталды. Шараға Шымкент қаласы бойынша Статистика департаментінің өкілдері қатысып, шаруашылықтың жұмысымен жақыннан танысты.

«Болашағы зор» шаруа қожа­лы­ғының иесі Мақсат Лесбек­ұлы­ның айтуынша, негізгі бағыт – мал бордақылау. Қазір қожалықта 800-ге жуық ірі қара, 1000-ға тарта қой және 200-ден астам жылқы өсірілуде. Кәсіп­кердің айтуынша, алдағы қыр­күйек айынан бастап бордақыға қойылатын малдың санын арт­тыру жоспарланып отыр.

Бұл шаруашылықтың тарихы да қызықты. Мақсат Лесбекұлы кәсібін әу баста тек хобби ретінде жиырма шақты қозы өсіруден бас­таған. Уақыт өте келе еңбектің нәтижесінде шағын шаруашылық кеңейіп, бүгінде өңірге белгілі ірі қожалықтардың біріне айналып отыр.

– «Біз қазір қисар қойын өсі­ру­мен қатар жылқы мен ірі қара бордақылаумен айналысамыз. Негізгі, өнімімізді ішкі нарыққа ғана емес, көрші Өзбекстанға да экспорттап жатырмыз. Мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кеш­ені­не үлкен қолдау бар: жеңіл­дет­ілген несие, ауыл шаруа­шы­лығы техникасына лизинг және субси­дия­лар қарастырылған. Біз де осы мүмкіндіктерді пайдала­нуға дай­ындалып, тиісті құжат­тары­мызды рәсімдеу үстіндеміз», – дейді шаруа қожалығының иесі.

Іс-шара барысында Шымкент қаласының Статистика департа­менті өнеркәсіп және ауыл шаруа­­шылығы статистикасы бөл­ім­інің басшысы Ержан Төл­ба­сиев ұлттық санақтың жүргізілу бары­сына тоқталды. Оның ай­туын­ша, аграрлық сектордағы бұл науқан 1 тамыздан басталып, бүкіл елі­мізде бір мезгілде өту­де. – «Шым­кент қаласында қа­зірдің өзінде 1 450 шаруа қожалы­ғы онлайн форматта санақтан өтті. Жалпы, қала аумағында 7 180 қо­жа­лық бар, барлығын 30 тамызға дейін қамту жоспарлан­ған. Бұл үшін арнайы 13 учаске ашылып, қа­жетті техника мен интернетпен қамтамасыз етілді. Айта кетерлігі, жеке тұрғын­дардың ауласындағы мал санағы жүргізілмейді, тек ресми тіркел­ген шаруа қожалық­тары мен кәсіпкерлер қамтыла­ды», – деді ол.

Сондай-ақ Ержан Төлбасиев санаққа қатысу міндетті екенін, ал бас тартқан жағдайда заңға сәйкес әкімшілік шара қолдан­ылатынын ескертті. Алғашқыда ескерту жасалып, бірнеше мәрте талап орындалмаған жағдайда ғана қожалықтарға айыппұл сал­ынатынын жеткізді.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – агроөнеркәсіп кешен­індегі ең маңызды статисти­калық зерттеу. Оның нәтижесінде елдегі мал басының саны, егістік жер көлемі, өнім өндіру деңгейі нақ­­ты анықталады. Бұл дерек­тер­дің негізінде мемлекет тарапынан көр­сетілетін қолдау бағыттары айқындалып, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қажетті ше­шім­дер қабылданады.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы