Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БДҚА) "Қазақтелеком" АҚ-ға қатысты тергеуді бастады. Бұған интернет бағасының қымбаттауы себеп болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Агенттік жүргізген талдау аясында байланыс операторларының сымды интернет қызметтеріне баға динамикасы зерттелген.
"Қазақтелеком" АҚ әрекеттерінде қызмет құнына монополиялық жоғары баға қою белгілері байқалды. Мәселен, 2024 жылы оператордың интернетке қол жеткізу тарифтерінде жылдамдығы 100 Мбит/сек, 200 Мбит/сек және 500 Мбит/сек бағаның өсу қарқыны 20 пайызға дейін жетті", – делінген хабарламада.
Осыған байланысты қазіргі уақытта агенттік аталған операторға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.