“Туған қызын тұншықтырып, басын кесіп тастаған”: 19 жасар қыздың қазасы елдің жағасын ұстатты

Үндістанда 19 жастағы қыздың өліміне байланысты сұмдық қылмыс тергеліп жатыр.

Жергілікті полиция оқиғаны “ар-намыс үшін жасалған кісі өлтіру” деп бағалауда, – деп хабарлайды Аikyn.kz  Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті – Али Хасрат есімді ер адам. Тергеу деректеріне сәйкес, ол туған қызы Таманнаны отбасының абыройын түсірді деп айыптап, аяусыз өлтірген.

Қыз – Таманна есімді 19 жастағы студент. Ол екі рет жергілікті жігітпен бірге қашып кетуге тырысқан. Бірінші әрекетінен кейін әкесі мен өгей шешесі қызды ұрып-соққан. Ал 8 тамызда қайтадан үйден кетпек болған сәтінде, әкесі әйелі және қайын атасымен бірге қызды ұстап алып, туыстарының үйіне апарған.

Полиция дерегінше, сол жерде оған есірткі қосылған тағам беріліп, есінен тандырған. Кейін Хасрат қызын тұншықтырып, басын кесіп тастаған. Тергеушілер күдіктінің әйелі мен қайын атасын да қылмысқа қатысы бар деп отыр.

Марқұмның денесін танылмастай етуге тырысқанымен, киіміндегі кесте арқылы жергілікті тұрғын оның кім екенін танып қойған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.