Астанада Герцен көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Аталған көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Герцен көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты 23 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында аталған учаскенің Р.Дүйсенбаев және Д.Карбышев көшесі аралығындағы бөлігі ішінара жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескерулері сұралады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.