Анна Данилина Кливленд турнирінің чемпионы атанды

Келесі аптада олар АҚШ-та өтетін US Open жарысына қатысады.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Сербия өкілі Александра Круничпен бірге WTA 250 турнирінде топ жарды. Финалда олар тайваньдық Чань Хао және қытайлық Янь Синью дуэтін 7:6, 6:4 есебімен ұтты.

Бұл жеңіс үшін Данилина-Крунич жұбы 250 рейтингтік ұпай және командаға 11 480 доллар сыйақы алды. Қазіргі таңда Анна Данилина WTA рейтингінде 10-орында тұр.

Айта кетейік, осы маусымда Данилина мен Крунич «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шыққан болатын. Келесі аптада олар АҚШ-та өтетін US Open жарысына қатысады.