Ақтөбеде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Нұртас Ажбенов (16-1, 6 КО) пен Қанат Узбекбаев (8-2, 7 КО) кездесті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Sports.kz мәліметінше, жекпе-жек жеңіл салмақта өтті, ал бәсекенің басты жүлдесі – Қазақстанның Кәсіпқой бокс комиссиясының чемпиондық белбеуі.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі бірінші раундта аяқталды. Н.Ажбеновке қарсыласын нокаутқа жіберу үшін 84 секунд жеткілікті болды.
Бұл жеңіс арқылы Нұртас Ажбенов кәсіби мансабындағы 17-ші жекпе-жегін ұтып, өз титулын сәтті қорғады. Ал Қанат Узбекбаев үшін бұл үшінші жеңіліс болды. Айта кетейік, Н.Ажбенов WBC Asian Continental чемпионы да болып саналады.