Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.
Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.
Кездесу барысында Конго Демократиялық Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.