Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды

1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Үкімет қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев Су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.  

1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1997-1998 жылдары Жамбыл Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1998-2000 жылдары  Жамбыл облысы әкімінің аппаратында жалпы бөлімнің аға референті және инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы.

2000-2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде жұмыс істеді. «Метрология» РМК Алматы филиалының басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары, Астана қаласы бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өндірістік басқармасының бастығы және Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2010-2014 жылдары  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014-2016 жылдары  ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2016-2018 жылдары  ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2018-2019 жылдары  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігі жауапты хатшы және аппарат басшысы болып қызмет етті. 

2021-2023 жылдары  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

2023-2024 жылдары  ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директоры.

2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директоры болып жұмыс істеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.