Грузияға кеткен 20 жастағы қазақстандық табылмай жатыр

Туыстары бір аптадан бері одан хабар ала алмай отыр.

Ақтаудан түнгі рейспен Грузияға аттанған жігіт жолға шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалған, – деп хабарлайды Аikyn.kz  lada.kz-ке сілтеме жасап.

Lider.kz іздеу-құтқару еріктілері 20 жастағы Данияр Жақсылықты іздеп жатыр. Туыстары онымен 18 тамызда байланысын жоғалтқан.

"Ол әуежайдан Тбилисиге түнгі рейспен ұшып шыққан. Шекарадан өткені анықталғанымен, одан кейін хабарсыз кеткен", – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.