Жаңа нысанда кемшіліктер көп

«AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобы Қосбұлақ ауылындағы жаңа амбулаторияға мониторинг жүргізді. Нысан партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы бойынша салынып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау аудандық орталық ауру­ханасының директорының орынбасары О.Мұқанова амбулаториядағы кейбір медициналық аппараттардың және жы­лыту қазандығының жұмыс жасауы үшін 380 квт энергия қажеттігін айтты. Тартыл­ған электр энергиясының күші жетпе­гендіктен, осы аппараттардың істен шығу қаупі болатындығын жеткізді. Сонымен қатар ғимарат орналасқан аумақта ор­талықтандырылған кәріз жүйесі, сал­қын­д­атқыш, өрт сөндіруге және ауызсуға арналған қоймалар қарастырылма­ған. Жағымсыз иіс болғандықтан әжетха­на жүйесін қайта қарау қажет екендігі анық­талды. Қабырғалардың ішкі, сыртқы сылақтары түсе бастаған. Жақында жау­ған жаңбырдан төбесінен су кеткен, суағар салынбаған. 

Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының директоры И.Серікбаев құзырлы органдарға барлық кемшіліктер толық баяндалған хат жолдап, ғимаратты  пайдалануға берместен бұрын санитарлық-эпидемиологиялық  талапқа сай екендігін анықтайтын арнайы сертификатталған мекеме мамандарына тесертуді сұраған.

«AMANAT» партиясы жанында­ғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі республикалық жұмыс тобы осы мәселенің шешілу барысын бақы­лауға алды.

Елнар ЕЛТАЙ