Игі іс-шараға қалалық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжанат Баетова қатысты.
«Жалпы, бүгінге дейін қаламызда партия мүшелері аталған акция аясында 850-ге жуық осындай сыйлықтар таратты. Мұндағы мақсат – жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сабақты ерекше ынтамен бастауына жағдай жасау», – деді Ербол Байқонысов.
Бұған дейін депутат қоғамдық қабылдау өткізіп, оған келген бірқатар ата-аналар балаларын мектепке дайындауға көмек сұраған болатын. Сол өтініштер бойынша Нұрсұлтан Балабиев жеке қаражаты есебінен оқушыларды оқу құралдарымен қамтамасыз етті.
– Барша оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Бүгінгі сыйлықтар сабақта озат болуға көмегін тигізсін деген тілегім бар. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді депутат.
Айта кетейік, табысталған сөмкелер толықтай оқу құралдарымен жабдықталған. «AMANAT» партиясы бұл игі шараны жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырады.
Елнар ЕЛТАЙ