Найзағай ойнап, дауыл тұрады: 27 тамызға ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт нашарлайды: найзағай ойнап, дауыл тұрып, қатты ыстық пен өрт қаупі сақталады.

27 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт нашарлайды: найзағай ойнап, дауыл тұрып, қатты ыстық пен өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 27 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шағысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз желдің екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қауіпі бар.

Ұлытау облысының батысында 37 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.