eGov, Aitu және eOtinish қызметтері интернетсіз де қолжетімді болады

Мобильді шоттағы баланс нөлге тең болса да, мемлекеттік қызметтерді тегін алуға болады.

Енді тұрғындарға Aitu, eGov, eGov Business және eOtinish қызметтерінің қолжетімділігі артып, оларға кіру үшін ақы алынбайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен жиында айтылып, Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы тапсырмаларын іске асыру бағыты талқыланды. Қазір бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша да жаңа мүмкіндіктерге жол ашу көзделді. Бүгінде Smart Bridge платформасы сәтті жұмыс істеп тұр. Жалпы, қазіргі таңда мыңнан астам мемлекеттік қызметтің 368-і толық автоматтандырылып, тағы 900-ден астамын сандық жүйеге көшіру жоспарланды. Салаға жасанды интеллекті де енгізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз