«Бәрі АҚШ-қа байланысты»: Зеленский мен Путиннің келіссөзі қайда болуы мүмкін екені айтылды

Украина басшысы алдағы оқиғалардың қалай болатыны АҚШ секілді алпауыт ел көшбасшыларының ерік-жігеріне байланысты екенін баса айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен алдағы келіссөздер қайда өтуі мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Осы аптада Түркиямен, Парсы шығанағы елдерімен, Еуропа елдерімен сөйлесеміз. Бұл мемлекеттер ресейліктермен келіссөз жүргізуге арналған алаң болуы мүмкін.  Өз тарапымыздан соғысты тоқтатуға барынша дайындаламыз", – деді Зеленский.

Украина басшысы алдағы оқиғалардың қалай болатыны АҚШ секілді алпауыт ел көшбасшыларының ерік-жігеріне байланысты екенін баса айтты. 

"Ресей шынайы келіссөзден жалтарғысы келетінін ғана байқатып отыр. Мұны күшті санкциялармен, тарифтермен ғана өзгертуге болады. Біз де өз тарапымыздан ықпал етуі мүмкін қадамдарды жасап жатырмыз", – деді Украина президенті.

Бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров NBC News арнасына берген сұхбатында келіссөздер Ыстамбұлда жалғасуы мүмкін екенін айтқан болатын.