Сенат Төрағасы Рустами Эмомалимен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалимен кездесті.

Мәулен Әшімбаев кездесуде мәр­­тебелі мейманға ілтипат біл­діріп, Тәжікстан Қазақ­станның маңызды стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы екенін айт­ты. Сондай-ақ Сенат Спикері екі мемлекеттің басшылары ара­сын­дағы өзара сенімге негізделген қа­рым-қатынастың және олардың күш-жігері мен бірлескен жұмы­сы­ның арқасында барлық дең­гей­де тығыз саяси байланыс орна­ға­нын атап өтті. Сұхбат кезінде эко­номикалық өзара іс-қимыл бел­сенді дамып, мәдени-гума­ни­тарлық байланыстар да нығая түс­кені сөз болды.

«Жоғары деңгейдегі тұрақты кез­­десулердің және мемлекет бас­шы­ларының өзара сапарларының нә­ти­жесінде ауқымды мәселелер бойынша маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Тәжікстан Пре­зи­ден­­ті Эмомали Рахмон 2023 жылы Қа­­зақстанға мемлекеттік сапар­мен келді. Сапар барысында Одақ­­­­тас­­тық өзара іс-қимыл туралы дек­­­­­ларацияға қол қойылды. Был­тыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжік­станға мем­лекеттік сапары ая­сында Одақ­тастық қатынастар туралы шарт­қа қол қойылды. Екі құжат та бауыр­лас халықтары­мыз­дың ұлт­тық мүдделеріне сай ке­леді және ел­деріміздің өзара іс-қимылын жан-жақты терең­детуге айтар­лық­тай серпін берді. Осы орайда біздің бас­ты мін­де­тіміз – мемлекет бас­шыларының деңгейінде қол жет­кізілген бар­лық уағдаластықты тиім­ді іске асы­руға ықпал ету», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар тараптар екі ел Президенттері белгілеп берген ынтымақтастықтың жоғары дең­гейін Парламенттер арқылы да қол­даудың маңызды екеніне на­зар аударды. Бұл ретте Екіжақты өза­ра іс-қимылдың Жол картасы ерек­ше мәнге ие. Ол өңіраралық өза­ра іс-қимылды дамытумен бір­ге өзге де ауқымды мәселелерді қам­тиды. Құжатқа Душанбеде өт­кен тұрақты комиссияның оты­ры­сында қол қойылғанын атап өт­кен жөн. Бүгінгі кездесуде Жол кар­тасында көрсетілген міндет­тер­ді іске асыру аясындағы бір­лес­кен жұмыс туралы да сөз бол­ды.

«Қазір біздің елдеріміздің Пар­­­­ламенттері арасындағы бай­ла­ныстар тұрақты және жүйелі си­патқа ие. Екіжақты өзара іс-қи­мылдың Жол картасын қабылдау Пар­ламент Палаталарының бір­лес­кен іс-қимылы бағытындағы маңыз­ды қадам болды. Бүгінде Па­латаларымыз арасында Ын­ты­мақтастық жөніндегі комиссия, сондай-ақ өңірлік пар­ла­мен­тара­лық ынтымақтастықтың маңызды не­гізін қалаған Орталық Азия мем­лекеттерінің Парламен­тара­лық форумы белсенді жұмыс істеп ке­леді. Мұндай форумдарды өт­кізу аймақ елдерінің мүдделеріне сай келеді және Орталық Азияның сая­си, экономикалық, мәдени әлеуе­тін тиімді іске асыруға ық­пал етеді», – деді Мәулен Әшім­баев.

Кездесуде екіжақты және көп­жақты ынтымақтастықтың бар­лық бағыты бойынша сын­дар­лы диалог орнатудың маңызы да әң­гімеге арқау болды. Эколо­гия­лық сын-қатерлерді еңсеру жо­лын­да күш-жігерді ортақ мүддеге жұ­мылдыру мәселесіне баса мән берілді. Бұл ретте су қатынастары сал­асындағы түйткілдерді шешу ке­зіндегі өзара іс-қимылдың нақ­ты шаралары, Халықаралық Арал­ды құтқару қоры аясындағы бірлескен жұмыс, оның ішінде су-энергетикалық ынтымақтас­тық­тың тиімді тетігін әзірлеу жұ­мыс­тарына үлкен көңіл бө­лінді.

Өз кезегінде Рустами Эмомали пар­ламентаралық және өңірлік дең­гейлерде қазақ-тәжік ынты­мақ­тастығы тұрақты дамып келе жат­қанын атап өтті. Ол Қазақ­стан­ның әлемде рухани дипло­ма­тияны дамытуды көздейтін бас­тамалары мен сол бағыттағы ба­тыл қадамдарын жоғары бағалады. Сон­дай-ақ барлық маңызды сала бойынша өзара ынтымақ­тас­тықты нығайтуға мүдделі екенін айт­ты.

Бұдан басқа тараптар өңірдің ор­нықты дамуына, мәдени-гума­нитарлық байланыстарды кеңей­туге, Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының алдағы съе­зі аясында рухани диплома­тия­ны ілгерілетуге қатысты мәсе­ле­лер жөнінде пікір алмасты. Мәу­лен Әшімбаев Тәжікстанның Съез­ді жан-жақты қолдап, Тәжік­стан ғұламалар кеңесінің аталған іс-шараға белсенді қатысып келе жат­қанын тілге тиек етіп, диалог, бей­бітшілік және келісім мәде­ние­тін ілгерілету ісіндегі ынты­мақ­тастық үшін тәжік тарапына ал­ғыс білдірді.