Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.