Әнші Роза Әлқожа қызы Ясинаның мектепке дайындығын көпшілікпен бөлісті. Өнер иесі жаңа оқу жылы қарсаңында оқырмандарына сәттілік тілеп, отбасы тұрмысындағы шағын әңгімесін айтып өтті.
«Өмір сүру – ең қызық нәрсе. Алда не күтіп тұрғанын білмейміз, бірақ бәрібір алға жылжи береміз. Жаратқан берекесін берсін. Балаларыңызға мектеп киімдерін алып үлгердіңіздер ме? Майда-шүйдені жинай беріп, бір қыздың дайындығына 150 мың теңге жетпей қалды. Ал сіздерде қаншаға шықты?» – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары мектепке дайындықтың қымбаттығын қызу талқылады. Бірі «2-сыныпқа баратын жиеніме 65 мың теңге жұмсалды» десе, енді бірі «үш балама 100 мыңнан кетті, оқу құралдарын әлі алмадық» деп бөлісті. Көпшілік базардағы киім-кешектің бағасы қатты өскенін атап өтті.