Есірткі мен экстремизмге қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатыр

2024 жылдан бастап вейп айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, ал есірткі бизнесін ұйымдастырушылар үшін жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдатылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ІІМ мәліметінше, бүгінде есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатыр. 

Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап вейп айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, ал есірткі бизнесін ұйымдастырушылар үшін жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдатылды. 

Осы жылдың 7 айында 4,6 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды, 24 ұйымдасқан есірткі тобы жойылды, 11 тоннадан астам есірткі және 23 тонна химиялық заттар тәркіленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.