Бекзат Алмаханның келесі жекпе-жегі жақын арада жарияланбақ

Бұл туралы оның менеджері айтты

ОCTAGON президенті әрі қазақстандық спортшылардың UFC-тегі менеджері Нураддин Садыков Спорт Шредингерге берген сұхбатында былай деді:

- Бекзаттың жекпе-жекке шығатын күні де, қарсыласы да анықталды. Өте хайпты, есімі белгілі спортшы. Бізге кеше ғана ұсыныс түсті, бірден келісім бердік. Енді қарсы тараптың келісімін және ресми жарияланымды күтіп отырмыз.

Сонымен қатар, менеджер бастапқы жоспарланған уақыт пен орын өзгергенін атап өтті. 

UFC 315 турнирінде Алмахан TUF жобасының бұрынғы чемпионы Брэд Катонаны небәрі бір минутта нокаутқа жіберген еді.