«Селтикке» қарсы сенсациялық жеңістен кейін Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов футболшылармен кездесіп, бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мен қақпашы Темірлан Анарбековті құттықтап, бас бапкерге көлік мінгізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кәсіпкер жаттықтырушылар құрамын жеке құттықтап, бас бапкер Рафаэль Уразбахтинге жаңа Hyundai Palisade автокөлігінің кілтін сыйға тарттты.
«Біз сіздің жеңісіңізді мақтан тұтамыз. Бұл тек «Қайрат» үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан футболы үшін зор қадам. Шын жүректен сізге жаңа табыстар тілейміз және команданы қолдауға әрқашан дайынбыз. «Қайрат» Еуропаны таңғалдыра алады деп сенеміз. Сіздерді алда Алматыда өтетін аты аңызға айналған мадридтік «Реалмен» матч күтіп тұр. Бұл әлемдік деңгейдегі оқиға, біз сізге жанкүйер боламыз. Сіздер Қазақстан футболын дамытып жатырсыздар, ал біз қазақстандық автоөнеркәсіпті дамытып жатырмыз. Біз бірге еліміздің игілігі үшін еңбек етудеміз. Алматылық футбол клубына арналған алматылық көлік», - деді Нұрлан Смағұлов.
«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков те назардан тыс қалған жоқ. Нұрлан Смағұлов оған Apple Macbook табыстап, жас футболшыны алдағы белестерге жеңіспен шығуға тілектестігін білдірді.