Жақын арада үш қызметті цифрландыру жоспарланып отыр:
- автосалондардан сатып алынған автокөліктерді бастапқы тіркеу;
- азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
- жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын рәсімдеу.
2025 жылдың аяғына дейін бұларға тағы төрт қызмет қосылады:
- жылжымайтын мүлікті тіркеу;
- шетелдіктерге ЖСН алу;
- еңбек мигранттарына рұқсат беру;
- кадастрлық паспорттарды беру.
Аталған қызметтердің толықтай онлайн-форматқа көшірілуі және қағазбастылықтан бас тарту ХҚКО-ларға түсетін жүктемені екі есеге жуық қысқартуға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.