Путин осы апта соңында Қытайға барып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізеді және Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияның жеңілгеніне 80 жыл толуына арналған әскери парадқа қатысады.
The Guardian жазуынша, Ресей басшысы Владимир Путиннің Қытайға сапарының негізгі мақсаты – Украинадағы соғыс жөнінде Мәскеу мен Бейжіңнің ұстанымдарын сәйкестендіру. Бұл кездесу АҚШ-тың соғысты тоқтату жолындағы әрекеттері аясында өтпек.
Аталған шарада Путин құрметті қонақ ретінде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен, сондай-ақ Иран мен Куба лидерлерімен қатар отырады деп күтілуде.