Сәкен Майғазиев әйелін туған күнімен ерекше құттықтады

Әнші әлеуметтік желіге жазба жариялады

Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіге жазба жариялап, әйелін туған күнімен құттықтады.

РАББЫМ! Саған шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын!
Бүгін менің жүрегімнің ішіндегі жүрегім @dinara_maigaziyeva 24 жасқа ой, 48 жасқа толды, АЛЛАға шүкір! 
Менсіз сен де көңілсізсің , білемін,
Мен дегенім - сен тудырған жыр едім .
Сен аман бол,
Сен аман бол,
Аман бол,
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім!
Салихалы, саналы, иманды, білімді ұрпақтарымыздың жақсылықтарын ғана көруді, солардың бағына бірге әдемі қартаюды жазсын ЖАРАТҚАН. Екі дүниенің жақсылығын берсін. Маңдайыңыздан сүйдім, - деп жазды әнші