«Дәрігерлер шетінеп кетті деген»: АҚШ-қа сатылып кеткен қыз 25 жылдан кейін Оралдағы ата-анасымен қауышты

Жақында ол өзін өсірген әкесімен бірге Қазақстанға келіп, туғандарымен жүздесті. Ұзақ күткен қауышу сәті әуежайда бейнетаспаға түсіп, жұртшылықты толқытты.

Әлеуметтік желілерде АҚШ-та өскен қыздың Орал әуежайында туған ата-анасымен кездескен сәті түсірілген бейнежазба кеңінен тарап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиғаның бастауын 2000 жылдан іздеу керек. Себебі сол кезде Батыс Қазақстан облысының тұрғынына перзентханада жаңа туған қызы шетінеп кетті деген ақпарат берілген. Алайда араға 25 жыл салып, қыздың тірі екені белгілі болды. Ол осы уақыт бойы шетелдік отбасының қолында тәрбиеленген.

Жақында ол өзін өсірген әкесімен бірге Қазақстанға келіп, туғандарымен жүздесті. Ұзақ күткен қауышу сәті әуежайда бейнетаспаға түсіп, жұртшылықты толқытты.

Белгілі болғандай, нәрестенің жоғалуына байланысты үш дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ал қыздың туған әпкесі Айымгүл аталмыш видеоны өзінің әлеуметтік желідегі парағында бөлісті.