Абай облысында жаңадан су қоймасы салынбақ

Жобаны уақытылы әрі сапалы іске асыру үшін "Қазсушар" РМК-ның жергілікті филиалы мамандары, Ақсуат ауданы әкімдігінің қызметкерлері және мердігер ұйым өкілдерінен құралған комиссия құрылыс жүргізілетін аумақты тексерді.

Абай облысының Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінде жаңа су қоймасы салынбақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау жоспарланып отыр.

Жобаны уақытылы әрі сапалы іске асыру үшін "Қазсушар" РМК-ның жергілікті филиалы мамандары, Ақсуат ауданы әкімдігінің қызметкерлері және мердігер ұйым өкілдерінен құралған комиссия құрылыс жүргізілетін аумақты тексерді.

"Тексеру барысында тараптар жобаны жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Аудан әкімдігімен бірлесіп ішкі каналдар да қаралды. Жергілікті атқарушы органдар олардың реконструкциясына қатысты жобалау-сметалық құжатты әзірлеумен айналысады. Жаңа су қоймасы мен магистральді каналдар аудандағы ирригациялық жүйелердің толыққанды әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді", – деді Абай облысындағы "Қазсушар" РМК филиалының директоры Жарқынбек Байсабыров.