«Нұрсұлтан ұстаз қайтыс болды»: Желіде жалған ақпарат тараған

Желіде тараған мәліметке сәйкес, «Батыр имам» атанып кеткен Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы 30 тамыз күні сағат 23:30 шамасында дүниеден өткен.

"Танымал уағызшы, дінтанушы Нұрсұлтан Рысмағамбетов қайтыс болды" деген жалған ақпарат тарады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, «Батыр имам» атанып кеткен Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы 30 тамыз күні сағат 23:30 шамасында дүниеден өткен. Бұл туралы Жарқын Мырзатай өзінің TikTok парақшасына жүктеген видеосында айтқан.

"Оның айтуынша, қайғылы жағдайға көлік апатынан алған жарақатының асқынуы себеп болған. Марқұмның жаназасы туған жері – Арал ауданында, 31 тамыз күні сағат 14:35-те орталық зиратта өтеді".

Бірақ уағызшының өзінің ресми парағында бұл ақпарат расталмады және жалған екені айтылған.

Еске сала кетейік, биыл 25 шілдеде Нұрсұлтан Рысмағамбетов отбасымен бірге жол-көлік оқиғасына тап болған еді.