Үсік жүреді, найзағай ойнайды: 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде екпіні күшті жел, шаңды дауыл, найзағай, бұршақ және тұман болады.

3 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде екпіні күшті жел, шаңды дауыл, найзағай, бұршақ және тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде 2 градус үсік жүреді.

Алматы облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік -батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақытта 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.