Мәжілістің жаңа депутаты ант қабылдады

Олжас Нұралдинов төменгі палатаның бүгінгі жалпы отырысында Мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдады.

Олжас Нұралдинов Мәжіліс депутаты болып сайланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол өз еркімен өкілеттігін тоқтатқан «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаевтың орнына келді.

Олжас Нұралдинов төменгі палатаның бүгінгі жалпы отырысында Мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Қаржы және бюджет комитетінің құрамына сайланды.

Бұған дейін VIII шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде өз жұмысын бастағаны жөнінде жазған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.