Мәжіліс депутаттары палатаның бүгінгі жалпы отырысында жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мәжілістің тиісті комитеттері мынадай жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сайлауды жетілдіру мәселелері жөніндегі ілеспе түзетулер;
- 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы;
- республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы;
- Цифрлық кодекс жобасы мен оған ілеспе түзетулер;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілетін түзетулер;
- Қырғызстанмен және Мароккомен бірқатар халықаралық шартты ратификациялау туралы заң жобалары.
Бұған дейін Мәжілістің жаңа депутаты ант қабылдағаны жөнінде жазған едік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.