«Мәңгі жүрегімдесің!»: әнші Толқын Забированың анасы бақилық болды

Әнші бұл туралы өзінің желідегі парағында бөлісті.

Танымал әнші Толқын Забирова әлеуметтік желіде анасынан айырылғанын айтып, суық хабар жеткізді.

Әнші бұл туралы өзінің желідегі парағында бөлісті.

«Анашым… Жұмағым… Өмір – сынақ, ештеңе мәңгі емес.

Кішкентай ақ періштем менің, сен мәңгі менің жүрегімдесің!

Біз сені жақсы көреміз, жаның жұмақтың төрінде шалқысын», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің анасының өмірден озуына байланысты көңіл айтып, өнер иесіне қолдау көрсеткен. «Анаңыздың жатқан жері жарық болсын, иман байлығын берсін», «Бекем болыңыз, анаңызға қатты ұқсайды екенсіз», «Иманды болсын»,  деп жазды олар.