ШҚО тұрғыны жоғалып кеткен әпкесімен 20 жылдан кейін қауышты

Үміті үзілмеген тұрғын әпкесін тауып қалармын деген ниетпен Үштөбеге барған.

Үштөбе қаласында полиция әйел адамға 20 жыл бойы көрмеген әпкесін табуға көмектесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғыны 20 жыл бұрын әпкесін жоғалтып алған. Үміті үзілмеген тұрғын әпкесін тауып қалармын деген ниетпен Үштөбеге барған.

Ол көшеде учаскелік полиция инспекторлары Айбек Қази мен Талғат Есқожановпен жолыққан. Полицейлер оның өтінішіне бірден үн қатып, іздестіру жұмыстарына көмектесуге кірісті. Осылайша, жүйелі жұмыстың арқасында тәртіп сақшылары бауырларды қауыштырды.

Әйел полиция қызметкерлерінің көрсеткен көмегіне алғысын білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.