Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірі (М3) бойынша деформациялық тігісті жөндеу жұмысын жүргізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты, 5-15 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.