Таиландтық лоукостер Қазақстанға тікелей рейс ашады

Таиланд лоукостері Алматыға аптасына 4 рейс орындайды.

Таиландтық  Thai Air Asia X  әуе компаниясы Қазақстанға тікелей рейс ашады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Таиланд корольдігінің  Thai Air Asia X  лоукестері Қазақстан нарығына шығады.

Тасымалдаушы Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері тікелей тұрақты жолаушылар әуе рейстерін орындайды.

Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей әуеқатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.