Жасанды интеллект жол сапасын бақылайды

SRDS жол жамылғысындағы шұңқырлар мен ойықтарды автоматты түрде анықтап, олардың көлемі мен ұзындығын өлшейді.

Қазақстанда автомобиль жолдарын бақылау үшін SRDS (Smart Roads Diagnostics System) жүйесі енгізілді. Бұл жүйені Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірлеп, патенттеген, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жасанды интеллектінің көмегімен әр 100 шақырымды қамтитын деректерді өңдеу уақыты 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқарды. SRDS жол жамылғысындағы шұңқырлар мен ойықтарды автоматты түрде анықтап, олардың көлемі мен ұзындығын өлшейді.

Диагностика арнайы жылжымалы зертханалар арқылы жүргізіледі. Жыл сайын жасанды интеллектінің көмегімен 15 мың шақырым республикалық және шамамен 5 мың шақырым жергілікті жолдар тексеріледі.

Жүйе нәтижелері жөндеу және реконструкциялау шешімдерінің негізіне алынып, жол қауіпсіздігін арттыруға, тиімді жоспарлауға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.