Президент әскери парадқа барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа барды.

Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыс­тағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай Бейжіңдегі Тяньа­ньмэнь алаңында өткен әскери парадты тамашалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХР Төра­ғасы Си Цзиньпинмен бірге мінберде Еуропа, Азия, Аф­рика, Латын Америкасы елдерінің жиыр­ма­дан астам мем­ле­кет, сондай-ақ үкімет басшылары болды.

Парадқа 10 мыңнан астам жауынгерді қамтыған Қытай халық азаттық армиясының 45 әскери құры­лы­мы қатысты.

Салтанатты шеруде құрлықта, теңізде және әуеде қол­­данылатын стратегиялық қару-жарақ түрлері ал­ғаш рет көрсетілді. 

Сонымен қатар 4-ші буын қаруының жаңа түрлері, ұш­­қышсыз ұшатын және ұшқышсыз аппараттарға қар­сы қолданатын қорғаныс техникалары, бағытталған энер­­гия қаруы мен басқа да ұрыс құралдары таныс­тырылды.