Акция аясында 500-ден астам жетім бала, мүгедектігі бар балалар және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың балалары көмекке ие болды. Оқушыларға мектеп сөмкелері, кеңсе тауарлары жиынтығы мен киімге арналған сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ балалар үшін ұтыссыз лотерея ұйымдастырылып, ешкім сыйлықсыз қалған жоқ.
Мектепке дайындық шарасы облыс орталығында ғана емес, аймақтың барлық ауданында өтті.
Мәслихат депутаттары мүмкіндігінше көбірек отбасын қамтып, балаларға сыйлықтарды өз қолымен табыстау үшін елді мекендерге барды.
– Балаларды және олардың отбасыларын қолдау – «AMANAT» партиясының игі әрі жарқын мақсаты. Бүгін депутаттар облыстың барлық өңірінде акция өткізіп жатыр, жалпы қамту екі мыңнан астам отбасына жетті, – деді Павлодар облыстық мәслихат төрағасы, партияның өңірлік филиалының төрағасы Илья Теренченко.
«Баланы мектепке дайындайық!» – бірреттік шара емес, жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға тең мүмкіндік жасауға және отбасыларды қолдауға бағытталған «AMANAT» партиясының жүйелі бастамасы. Акция аясында партияның қолдауымен республикамыздың барлық өңірінде балаларды мектепке дайындау шарасы сәтті ұйымдастырылып, көптеген бала мектепке қажет құрал-жабдықпен қамтылды.
Облыстық мәслихат депутаты, акцияның бас демеушісі Гнел Акопян:
– Балаларға зор денсаулық пен оқуда табыс тілеймін. Біз алдағы уақытта да жыл сайын мектепке дайындыққа қолдау көрсетеміз, – деді.