Жыл сайын өндіріс көлемі артып келеді. Оның ішінде негізгі үлес өнеркәсіп пен өңдеу секторына тиесілі. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облысымыз өндіру көлемі бойынша аймақтар арасында көш бастап тұр. Мәселен, өткен жылы 3 триллион теңгеден астам өнім өндірілді. Бұл өңірімізде өндірілетін жалпы өнімнің 35%-ын құрайды.
Өңірде барлық кокстелетін көмірдің, энергетикалық көмірдің 3/1, түсті және бағалы металдардың басым бөлігі, сондай-ақ 100% жалпақ илек (плоский прокат) өндіріледі. Бұл – аймақтың және жалпы елдің өнеркәсіптік қуатының негізі.
Бизнес белсенділігі артып, инвестициялар тарту барысында аймақтық ЖІӨ бойынша Қарағанды облысы 4-орынды иеленді (ЖІӨ-дегі ЖӨӨ 6,6%).
Өткен жылы экономикалық өсу қарқыны 8,8% жетті. Бұл көрсеткіш әлі де сақталуда.
Өңір экономикасының 40%-дан астамын өнеркәсіптік секторға тиесілі. Облыста 941 өндіріс орны жұмыс істейді (838-і шағын, 67-і орта, 36-сы ірі). Биылғы жылдың 7 айында 2,7 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 7,3%-ды құрады.