Сыртқы істер министрі ұсталған жоқ

СІМ ресми өкілі жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство басшысы Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жөнінде тараған жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– ҚР Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз, – деп мәлімдеді Айбек Смадияров.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мемлекеттік қызметшілердің ұсталғаны жөнінде жалған ақпарат таратпауға шақырғаны жөнінде жазған едік.