5 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 5-6 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 5 қыркүйекте найзағай ойнап, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 5 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.
5-8 қыркүйекте Алматы облысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 5-8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 5-8 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 5 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 5 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 5 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай ойнайды.
Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 5 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 5 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.